Алматы қаласы Спорт басқармасының «Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубы» МКҚК
Қазақша
Жасы шектелмейді
Ерлер
Ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі.
Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
Таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама;
Спортшылардың жеке карталары
Спорттық разрядының көшірмесі
Спортшының өтініші (өтініш бланкісін МЖСШМ-нен алу)
3/4 фотосурет (1 дана)
Оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
ЖазылуМемлекет ұсынатын спорт құрал-саймандары
Өз бетімен сатып алынатын спорт құрал-саймандары
Жас топтары:
бастап 10 дейін 45 жыл
Негізгі жұмыс орны: