Оқуға қабылдау туралы өтінішті беру үшін оқу бейінін таңдау қажет
Кәсіпорын қызметінің мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру және Алматы қаласында спортты дамыту болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты ұлттық және ат спортының түрлерін дамыту болып табылады. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) спорт және демалыс саласындағы білім беру; 2) спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру; 3) Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының құрама командаларына қабылдау үшін үміткерлерді даярлау; 4) бекітілген топтар құрамымен оқу-жаттығу сабақтарын, оқу-жаттығу жиындарын өткізу; 5) қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуды қамтамасыз ету; 6) жетекші спортшыларға алдын-алу және сауықтыру шараларын жүргізу, жеткіншек спортшылардың ұлттық спорт түрлеріне бейімделуіне және физикалық дамуына жағдай жасау; 7) ұлттық және ат спорты түрлерін дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысу; 8) Кәсіпорында дамытылатын спорт түрлері бойынша әдістемелік және бұқаралық спорттық жұмыстарды ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептерге жан жақты көмек көрсете отырып, білім алушыларды дене тәрбиесі мен спортқа тарту бойынша жұмыстарды жүргізу; 9) Алматы халқы арасында ұлттық және ат спорты түрлерінен бұқаралық спорт жарыстарын, спартакиада және басқа да бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Ойын аға төрешінің ысқырығымен басталады және тоқтатылады. Тартыс бес минутқа созылады. Егер осы уақыт ішінде олар бір-бірін жеңе алмаса ұпай санына қарап бәйге беріледі.
Ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі.
Қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі.Жарыс орны жергілікті жағдайға байланысты таңдап алынады. Жамбы атудан ірі жарыстар ипподромдарда өткізіледі. Жарыс өткізілетін алаңның көлемі 50х200 метрден кем болмауы тиіс. Нысана мылтықпен немесе садақпен көзделеді. Мәреден сөреге дейінгі жолдың ұзындығы 150 метр, ені 5 метр. Нысананың мөлшері 50х60 см, жерден биіктігі 3-4 м. Нысананы жалаушалармен қойған белдеудің кез келген жеріне атуға болады. Ату сызығының нысанаға дейінгі аралығы 15-20 м болуы тиіс. Мәреден сөреге дейінгі уақыт есепке алынып отырады.
Қазақстандағы ең белгілі ұлттық ойындардың бірі. Ат үстінде шабондоздар серкеге таласып оны тақымына қысып қазандыққа салу керек. Көкпар өте жылдам ойын, басынан соңына дейін жылдам темпте өтеді. Спортшылардан шыдамдылықты, ептілікті, батылдылықты және ат үстіндегі шеберлікке үйретеді. Негізінен көкпар мерекеде, айт, той, ас кезінде өткізіледі. Көкпар жеке және дода болып бөлінеді. Көкпарға 25-35 кг-дық серкенің денесі таңдалады. Басқа малдың терісі жарамайды себебі жыртылып кетеді. Парсы елдерінде Ауғанстан, Тәжікстанда осы ойынның баламасы “бузкаши”, Өзбекстанда”купкари/улак”. Еуропада ұқсас спорт түрі – хорсбол, Оңтүстік Америкада – пато.
Қазақ халқының көне ойындарының бірі. Қазіргі уақытта ат спортындағы ұлттық ойындардың бірі. Ойын даладағы соғыс кезінде пайда болды. Жігеттер осы ойын арқылы соғыс кезінде әскери дайындықтан өтуіне ықпал еткен, аттың үстінде шауып келе жатып, жердегі қару жарақ және тағы басқа заттарды іліп әкетіп отырған. Ойында негізінен ептілік, батылдық, ат үстінде дұрыс отыру, жылдамдыққа үйретеді. Теңге ілу ойыны көбінесе уйлену тойының алдында ойналады. Көбінесе жүлде ретінде жаңа түскен келіннің алтын бұйымдары қойылған. Ережесі. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңге саны 5-еу. Арақашықтықтары 10 метрден қойылады. Жердің шұңқыр бөлігіне шүберекке салынған тиындар тасталады. Теңгеілушілер аттың үстіннен еңкейіп, жерде жатқан теңгелерді лақтырып тастау керек. Жарысқа бекітілген ереже бойынша спортшының уақытысы, ілген теңгенің санын санап қорытындысын шығарыды. Ең көп теңге ілген жеңімпаз болып саналады.
Қазақтың ұлттық әскери - жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрі. Келешек ұрпақтың рухты болуының кепілі. Ел мен жерді қорғаудың, Отан қорғаудың озық тәсілі, дәстүрлі жүйесі. Жекпе-жек өнерінің дүние жүзінде сан түрлі атауы, ережесі, ерекшелігі бар. Бірақ барлығындағы басты ұстаным – әділ жеңіс. Ертеде хас батырлардың бір-бірімен жеке шайқасын – «жекпе-жек» деп атаған. «Жекпе-жек» атауының тура баламасы өзге ешқандай тілде жоқ. Жекпе-жек - қарсылас қос батырдың бес қарумен күш-қуатын, әдіс-айласын, шеберлігін сынайтын әділ бәсеке.
Қазақ халқындағы өте ертеден келе жатқан спорттық өнер. Тарихи деректерге сенер болсақ, құсбегілік өнері бұдан үш мың жылдай бұрын пайда болған. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлардан хабардар ететін тастағы ойма суретте құс ұстаған адамдар бейнеленген. Сол секілді Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесіне үңілсен де алтын ұстап, темір қортқан ата-бабаларымыздың құсбегілікті, тазымен аң аулауды қатар алып жүргенің аңғарасың. Оған Атыраудан бастап Алтайға дейін, одан Алатауға дейінгі, Арқаға дейінгі алып жатқан құт мекеннің кез келген жерінен табылған құсбегілік туралы деректер дәлел бола алады. Қыран мен сұңқар, төрт аяқты тұлпар бейнеленген алтын құймалар Атыраудағы Аралтөбе қорымынан, Алматы маңындағы Есіктен табылғаны баршаға мәлім.
Қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.
Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды. Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз.
Конкур мен ұзындыққа секіру жарыстары 1900 жылғы Олимпиададан бастап өткізіліп келеді (1904 жылғы Сен-Лиус және 1908 жылғы Лондон ойындарын есепке алмағанда). 1912 жылы Стокгольмде үшсайыс пен ат үйрету ойын бағдарламасына еніп, секіру алынып тасталды. Ат спортынан жалғыз бес дүркін әлем чемпионы бар. Ол алты Олимпиадаға қатысқан неміс спортшысы Райнер Климке. Қазақстанда классикалық ат спорты КСРО халықтарының бірінші Спартакиадасының арқасында пайда болды. Уақыт өте келе барлық спартакиадаларға қатысқан команда құрылып, спортшыларымыз айтарлықтай жетістіктерге жетті.
№ | Атауы | Түрі |
---|