Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері көрсетеді.
Жеке тұлғалар (ата-аналар немесе баланың басқа заңды өкілдері)
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 4 (төрт) сағат.
Тегін
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу қажет. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады.
Қызметтің көрсетілуі көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олардың ішінде мынадай негізгі актілермен:
Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше әрекет жасап, мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:
Ата-ананың байланыс деректері
Бала және оның заңды өкілі туралы мәліметтер
Ұйымды және секцияны таңдау
Хабарламаларды алуға келісім
Енгізілген деректерді тексеру
Өтініш ата-аналардан немесе баланың заңды өкілінен ғана қабылданады
Спорт мектебіне таңдаған спорт түрі бойынша спорттық нормативке және спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы бойынша сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу қажет. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады.
Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми түрде (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген адам (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды береді.
Шағым жазбаша түрде пошта бойынша не электрондық түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол не бейнеөтініш нысанында, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Өтініш 15 минут ішінде тіркеледі
Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген ұялы нөмірге SMS хабарлама келеді немесе жеке кабинет арқылы мәртебесін тексеруге болады.
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүргізіледі.