Алматы қ.

Спорт мектептеріне, мүгедектігі бар спорт мектептеріне 18+ спорт контингентін қабылдау

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ПАСПОРТЫ
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ АТАУЫ

18+ спорт контингентін қабылдау

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ БЕРУШІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері көрсетеді.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫ

Кәмелеттік жасқа жеткен жеке тұлғалар.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 4 (төрт) сағат.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ

Тегін.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУ ЖОЛДАРЫ

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу қажет. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады.

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Осы интернет-портал арқылы электрондық өтінішті беру үшін:

  1. 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтаманың скан-көшірмесі;
  2. мүгедектігі туралы анықтаманың скан-көшірмесі (мүгедектігі болғанда).
Өтініш беру рәсімі

Өтініш беру үшін бірнеше қадамдарды орындау керек:

Қадам 1

Оқуға қабылданатын үміткердің байланыс деректері

Қадам 2

Оқуға қабылданатын үміткер туралы мәліметтер

Қадам 3

Ұйымды және секцияны таңдау

Қадам 4

Хабарламаларды алуға келісім

Қадам 5

Енгізілген деректерді тексеру


1. ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ?
Өтінішті қалай беруге болады?

Өтініш оқуға қабылданатын үміткерден ғана қабылданады

Контингент қалай жинақталады?

Спорт мектебіне таңдаған спорт түрі бойынша спорттық нормативке және спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін балалардың жасы бойынша сәйкес келетін жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады.

2. ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Қызметті қайдан алуға болады?

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу қажет. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады.

3. ЕГЕР ЖАЗЫЛА АЛМАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
Қандай жағдайларда баланы білім беру ұйымына жаздырудан бас тартылуы мүмкін?

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды береді.

Заңсыз бас тартылған жағдайда қайда жолығуға болады?

Шағым жазбаша түрде пошта бойынша не электрондық түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол не бейнеөтініш нысанында, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

4. ТАҒЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Өтініш қандай уақыт ішінде тіркеледі?

Өтініш 15 минут ішінде тіркеледі

Құжаттарды қабылдау қашан басталады?

Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүргізіледі.