Алматы қаласы Спорт басқармасы "№5 Мамандандырылған кешенді балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі" МКҚК
Орысша
бастап 7 дейін 16 жыл
Ерлер, әйелдер
Су добы – командалық спорт түрі, қызықты, әрі тартымды спорттық ойындардың бірі, командалар су толы бассейн ішінде қарсыласының қақапасына доп салуға ұмтылады. Су добы суда ойналатын жалғыз ойын түрі болғандықтан кеңінен танымал. Су добы өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында пайда болды. Оның отаны - Англия. Су добынан алғашқы матч 1950 жылы Алматы қаласында өтті. Одан кейінгі жылдарда республикада су добының дамуына команда ойыншысы Дурсун Черкес-Заде үлкен үлес қосты. Команда су добынан Орта Азия республикалары мен Қазақстан Спартакиадасына қатысып, бірінші орын алды. Осыдан кейін су добына деген әуесқойлар саны күрт өсті. 1954 жылы су добы Орта Азия республикалары мен Қазақстан Спартакиадаларының бағдарламасына енді және команда тұңғыш рет КСРО Біріншілігіне қатысты.Содан кейін Ташкент қаласында өткен Орта Азия республикалары мен Қазақстан Спартакиадасында жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін республиканың көптеген облыстары жаңа спорт түріне көңіл бөле бастады, бұл су добын Қазақ КСР Біріншілігі бағдарламасына ендіруге негіз болды, төрт команда қатысқан алғашқы ресми Біріншілік 1955 жылы өткізілді. Бір жылдан кейін VІІІ Бүкілқазақстандық Спартакиадада он облыстың су добы командалары ойын көрсетті. 1957 жылы қазақстандықтар КСРО Біріншілігіне қатысып, 17-орын, Орта Азия республикалары мен Қазақстан Спартакиадасында 2 орын алды. 1960 жылы Х мерейтойлық Бүкілқазақстандық Спартакиадада республикның барлық облыстарының командалары қатысты. 1962 жылы Алматының «Буревестник» командасы «А» тобының ІІ тобында ойнау құқығына ие болды. Бұл дегеніміз, қазақстандық су добы командасын Бүкілодақтық аренада мойындау болды.
Мемлекет ұсынатын спорт құрал-саймандары
Өз бетімен сатып алынатын спорт құрал-саймандары
Жас топтары:
бастап 10 дейін 18 жыл
Негізгі жұмыс орны:
Алматы қаласы Спорт басқармасы "№5 Мамандандырылған кешенді балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі" МКҚК