Алматы қ.

Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектептерге және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға қабылдау

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ПАСПОРТЫ
Көрсетілетін қызметтің атауы

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау

Көрсетілетін қызметті беруші

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)

Қызметті көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгіну кезінде - 30 минут ішінде

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады). Көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

Нормативтік актілер

Қызметтің көрсетілуі көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, оның ішінде мынадай негізгі құжаттар:

  • 1. "Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы (2014 жылғы 3 қарашадағы № 69)
  • 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті (облыстық әкімдіктің қаулысымен бекітіледі, әр өңірдің өзіндік ерекшелігі бар)
Қажетті құжаттар

Осы интернет-портал арқылы электрондық өтінішті беру үшін:

  1. Спортшының жеке карточкасының скан-көшірмесі;
  2. Негізгі орта мектепті бітіру туралы куәліктің немесе жалпы орта білім туралы аттестаттың скан-көшірмесі (10 және 11-сыныптарға оқуға түсу кезінде);
  3. Спорттық атақ немесе спорттық разряд беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың немесе бұйрықтан көшірме үзіндінің скан-көшірмесі ;
  4. Цифрлық фотосуреті;
  5. 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтаманың скан-көшірмесі ((дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында);;
  6. Баланың медициналық картасының скан-көшірмесі (052/у нысаны);;
  7. № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасының скан-көшірмесі;;
  8. Эпидемиологиялық орта туралы медициналық анықтаманың скан-көшірмесі;
  9. Жүрек, бүйрек, құрсақ қуысы органдарын ультрадыбыстық зерттеу туралы медициналық қорытындының скан-көшірмесі ;
  10. Электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысының скан-көшірмесі;;
  11. Бас миының магниттік-резонанстық томографиясының скан-көшірмесі (бокс бөлімшесіне оқуға түскен кезде) ;
  12. Фтизиатр қорытындысының скан-көшірмесі;
  13. Спорт-бұқаралық шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне (болған жағдайда) енгізілген, халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорт жарыстарында жүлделі орын алғаны туралы дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының скан-көшірмелері;
  14. Спорт-бұқаралық шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесіне (болған жағдайда) енгізілген, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорт жарыстарында жүлделі орын алғаны туралы дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының скан-көшірмелері.
Өтініш беру рәсімі

Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше әрекет жасап, мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:

Қадам 1

Ата-ананың байланыс деректері

Қадам 2

Бала және оның заңды өкілі туралы мәліметтер

Қадам 3

Қазіргі оқу орны

Қадам 4

Ұйымды және секцияны таңдау

Қадам 5

Талап етілетін құжаттардың скан-көшірмелері

Қадам 6

Хабарламаларды алуға келісім

Қадам 7

Енгізілген деректерді тексеру


1. ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ?
Өтінішті қалай беруге болады?

Өтініш ата-аналардан немесе баланың заңды өкілінен ғана қабылданады

Контингент қалай жинақталады?

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының контингенті басқа олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері бойынша спорт клубтарында алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан жинақталады.

Boarding school faq 15

Boarding school faq 16

2. ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Қызметті қайдан алуға болады?

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу қажет. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады.

Баланың заңды өкілі деген кім?

Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми түрде (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген адам (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)

Boarding school faq 25

Boarding school faq 26

3. ЕГЕР ЖАЗЫЛА АЛМАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
Қандай жағдайларда баланы білім беру ұйымына жаздырудан бас тартылуы мүмкін?

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды береді.

Заңсыз бас тартылған жағдайда қайда жолығуға болады?

Шағым жазбаша түрде пошта бойынша не электрондық түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол не бейнеөтініш нысанында, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

4. ТАҒЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Өтініш қандай уақыт ішінде тіркеледі?

Өтініш 15 минут ішінде тіркеледі

Өтініштің тіркеуге түскенін қалай білуге болады?

Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген ұялы нөмірге SMS хабарлама келеді немесе жеке кабинет арқылы мәртебесін тексеруге болады.

Құжаттарды қабылдау қашан басталады?

Boarding school faq 46